Ұлттық жоба индикаторларына қол жеткізу жолдары және перспективаға арналған міндеттер туралы

2023 жылғы 10 ақпанда «Бәйтерек ОМ» КММ базасында білім беру ұйымдары басшыларының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Білімді ұлты» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру және индикаторларға қол жеткізу жолдары, білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау барысында заңдылық бұзушылықтарды жоюға, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық турының қорытындыларына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Спикерлер басшыларды аумақты дамыту бағдарламасына және «Аманат»партиясының сайлауалды бағдарламасына енген ұлттық жобаның индикаторларымен таныстырды. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен, қосымша білім берумен қамту бойынша индикаторларға қол жеткізу тәсілдері және ауыл мектептерін жаңғырту жолдары түсіндірілді. Әдіскер А.М.Жүніспаева жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасының аудандық турына балалардың қатысу қорытындысының талдауын ұсынды. Тәуекел аймақтары мен болашаққа арналған міндеттер анықталды.

Басшылардың ерекше назары жұмысқа қабылдау кезінде заңдылықты сақтау қажеттілігіне аударылды.

10.02.2023
Қараулар: 389
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет