Цифрландыру

Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы (ZIP 318 Kb)

Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы (ZIP 320 Kb)

Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы (ZIP 22 Kb)

«Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең аз талаптарды айқындау туралы» ҚР БҒМ 02.03.2020 жылғы № 79 бұйрығы (ZIP 26356 Kb)

"Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (ZIP 86 Kb)

2021 жылғы Қызылжар ауданының цифрландырылуы

Қызылжар ауданында 42 мектеп, 5 балабақша және 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Барлық ұйымдар телефондандырылған және Интернетке кең жолақты қолжетімділікке қосылған. Оның ішінде 19 орта мектеп 10 мбит/с-тан 40 мбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен ТОБЖ технологиясы арқылы Интернет желісіне қосылған, 3 мектеп 20 мбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен радиомост технологиясы арқылы қосылған, 20 мектеп Интернет желісіне LTE (11 мектеп), ADSL (6 мектеп) және 4 мбит/с-тан 20 мбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен спутниктік қол жеткізу (3 мектеп) технологиялары бойынша қосылған. Бөбекжайлар мен қосымша білім беру ұйымдары ADSL технологиясы арқылы Интернет желісіне жылдамдығы 8 мбит/с дейін қосылған, "Kundelik" ААЖ ауданымыздың 42 мектебінің 38 мектебінде жұмыс істейді. Барлық 38 мектеп журналды толтыру мониторингінде көрсетіледі. 4 мектеп Елді мекендердегі байланыс сапасының нашарлығына байланысты Kundelik ААЖ-дан ажыратылды.

Аудан орталығы 3 мектебінде және Бәйтерек мектебінде робототехникаға арналған роботтардың 1 жиынтығынан бар және SmartSchool жүйесі орнатылған.

Аудан мектептерінде 69 жаңа модификация кабинеті бар, оның ішінде: биология кабинеті — 16, физика кабинеті — 18, химия кабинеті — 14, ЛМК кабинеті — 20, география кабинеті — 1. Жалпы аудан бойынша 2482 компьютер мен 185 планшет бар, бұл 3 оқушыға 1 компьютер.

Сондай-ақ, 81 интерактивті және 145 мультимедиялық жабдықтар бар.

38 мектеп "Bilimland" білім беру платформасына онлайн, 4 мектеп оффлайн қосылған. Сондай-ақ, 38 мектеп сайттарды толтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Мектептердің, бөбекжайлардың және қосымша білім беру ұйымдарының барлық сайттары БҒМ 02.03.2020 жылғы № 79 бұйрығына сәйкес келеді.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет