Жастар жылы аясында Жанат Сәдуақасов аудан мектептерiнiң түлектерiмен кездестi

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Мен жастарға сенемiн!» — деп ұлы Мағжан жырлағандай биылғы жастар жылы аясында Қызылжар ауданының әкiмi Жанат Сәдуақасов биылғы мектеп бiтiретiн түлектермен «Нұр Отан» партиясының жанынан ашылған «QYZYLJAR» жастарды ақпараттандыру орталығында өткiзiлген кездесуге қатысты.

Болашақта кiм болғым келедi, қандай мамандықты таңдасам деген түлектердiң сұрағына, аудан әкiмi Жанат Ғаббасұлы: «Биылғы жыл жастарға кеңiнен жол ашатын маңызды бастамалармен басталды.

Елбасының бастауымен жастар жылында бiлiмдi, дарынды, өз кәсiбiн ашамын деген жастарға жан-жақты қолдау көрсетiлетiнiн» алға тартты.

Оқуды ойдағыдай аяқтап, қалаған мамандықтарын алған соң ауданға оралам дегендерге жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселелерiнiң де шешiлетiнiн тiлге тиек еттi.

Түлектер өз тарапынан аудан әкiмiне сұрақтар қойып, барлық iс-шараларға белсендi қатысатындарын, ауданымыздың көркейуiне ат салысып, туған жерге қайта оралатындарын жеткiздi.

Жастар жылы аясында Жанат Сәдуақасов аудан мектептерiнiң түлектерiмен кездестiЖастар жылы аясында Жанат Сәдуақасов аудан мектептерiнiң түлектерiмен кездестiЖастар жылы аясында Жанат Сәдуақасов аудан мектептерiнiң түлектерiмен кездестiЖастар жылы аясында Жанат Сәдуақасов аудан мектептерiнiң түлектерiмен кездестi

31.01.2019
Қараулар: 1025
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет