«Жас ұлан» ұйымына қабылдау

Қарашаның 30 күнi Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi күнiне орай Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп- лицейiнде Елбасының бастамасымен құрылған «Бiрыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспiрiмдер ұйымына» ең үздiк оқушыларды салтанатты түрде қабылдау рәсiмi өткiзiлдi.

Iс-шараға аудан әкiмiнiң орынбасары Алма Нұрғалиева, аудандық мәслихат хатшысы Айжан Молдахметова, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Мара Жұмабаева, еңбек ардагерi, «Парасат» мектеп-лицейiнiң бiрiншi директоры Ибраев Темирхан Омарұлы және бiрiншi жасұлан, елiмiздiң мақтанышы, грек-рим күресiнен Әлем чемпионы Аманғали Бекболат қатысты.

Iс-шараға қатысушылар жас азаматтарды елiмiздiң нағыз патриоттары, өзгерiстен қаймықпайтын, еңбекқұмар, бiлiмге құштар, өршiл қайсар болуларын тiлей отыра, бұл күннiң тарихи маңызы зор екенiн атап өттi.

«Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданған жасөспiрiмдер өз тарапынан ант бердi.

«Жас ұлан» ұйымына қабылдау«Жас ұлан» ұйымына қабылдау«Жас ұлан» ұйымына қабылдау

30.11.2018
Қараулар: 1598
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет