Құрметті педагогтер, жерлестер!

Тұғырлы Тәуелсіздік күнімен шын жүректен баршаңызды құттықтаймыз! Еліміздің педагогтері үшін бұл аса мәртебелі мейрам. Себебі өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру ұстаздар қауымының қажырлы еңбектеріңіздің арқасы.

Осы уақытқа дейін біз біршама жетістіктерге жеттік. Бүгінгі таңда ауданымыздың білім ұйымдарында зияткерлік деңгейі жоғары педагогтер жұмыс істейді. Атап айтқанда мұғалімдердің 50 пайыздан астамы аттестация кезінде өздерінің педагогикалық шеберліктерін растай алды. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттың арқасында аудандық білім мекемелері ерекше қолдауға ие болып отыр. Яғни мектептерге күрделі жөндеулер жасалды, Интернеттің жылдамдығы артты, сумен қамту және балалардың қауіпсізді мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Соңғы уақытта білім жүйесіне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік енгізіліп, тиімділігін көрсетуде. Бескөл ауылында 300 орындық жаңа, зәулім мектеп ашылды.

Атқарылған жұмыстар аз емес, сонымен қатар алда жүзеге асатын жоспарлар да сан алуан...

Тәуелсіздік – бізге берілген тәтті сый! Сондықтан осы сәтті ерекше бағалай отыра, еліміздің жарқын болашағы үшін баршамыз аянбай қажырлы еңбек етуіміз керек.

15.12.2020
Қараулар: 760
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет