ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Жеңіс күні-барша қазақстандықтар үшін маңызды тарихи мереке, өйткені бұл жеңіс халқымыздың күші мен бірлігінің айғағы. Майдангер-ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, сондай-ақ іргесі сөгіліп, қамалдары қираған елді еңбекпен көтерген азаматтардың ерліктеріне деген біздің алғысымыз бен құрметіміз ешқашан өшпейді. Біз әрбір ардагерге Отанымыздың бейбітшілігі, тыныштығы, ар-намысы мен бостандығын сақталған жауынгерлер мен еңбек ерлеріне шын жүректен үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметті қызылжарлықтар, Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне — ұзақ өмір, қажымас қайрат және ертеңгі күнге деген сенім!

Құрметпен,
«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ
басшысы
А. Абдрахманов

 

 

06.05.2022
Қараулар: 597
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет