ҚҰРМЕТТІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР, АСА ҚАДІРЛІ АРДАГЕРЛЕР!

ҚҰРМЕТТІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРАСА ҚАДІРЛІ АРДАГЕРЛЕР!

Сіздерді мемлекеттік мереке — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Қарулы Күштері өзінің қалыптасуын аяқтап, нық тұрды және мемлекетттік институт ретінде орнықты. Бүгінде біздің армиямыз жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етумен ерекшеленеді. Аудан мектептерінде жас ұрпақ Бастапқы әскери технологиялық дайындықты меңгеріп, кадет сыныптарында оқып жаттығады. Сабақ барысында жас Отан қорғаушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді тәрбиелейміз.

Бұл күн батылдықтың, батырлықтың символы болып табылады. Бүгін біз өз өмірін қиын әскери қызметке арнаған, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын лайықты түрде қамтамасыз еткендерді құрметтейміз.

Барлық Отан қорғаушыларға зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін! Ержүрек және батыл адамдардың бұл мерекесі әрқашан бейбіт және қуанышты болсын!

Құрметпен,
«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ
басшысы
А. Абдрахманов

06.05.2022
Қараулар: 589
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет