«Қызылжар» туристік алаңы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу аясында, «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ патриоттық тәрбие беру, денсаулықты нығайту және туристік дағдыларды алу мақсатында, 16-20 тамыз аралығында бір күндік «Қызылжар» туристік алаңының жұмысын ұйымдастырды. Ауданның орта мектептерінің базасында кестеге сай, туристік алаң ұйымдастырылуда, 200 оқушыны қамтиды.

Жоспар мен ереже жасалды, онда келесі міндеттер шешіледі:

- туризм сабақтарына қатысу арқылы жастар арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

- жастар ортасындағы келеңсіз құбылыстарды жеңу, құқық бұзушылықтың алдын алу;

- жастардың белсенді өзін-өзі тануына ықпал ету;

- жастарды әскери-қолданбалы спортқа тарту.            

Алаңда жұмыс кезінде балалар шатырларды тігуге қатысады, туристік сапарларды ұйымдастыру теориясын меңгереді, мұғалімнің жетекшілігімен туристік көпсайыс кезеңдерінен өтеді, автоматты құрастырады және бөлшектейді, жергілікті жерде картасыз бағытталуды және азимут бойынша қозғалуға үйренеді.

16.08.2021
Қараулар: 610
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет