Қызылжар ауданында "Балалар –өмірдің гүлі"атты балалар жылының салтанатты ашылуы

Мемлекет басшысы Қ. Ж. Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қызылжар ауданында №2 Бескөл ОМ базасында Балалар жылының салтанатты ашылуы Қызылжар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы К. С. Сарбалиновтың қатысуымен өтті.

Қуаныш Серегович қатысып отырған балаларды балалар жылымен құттықтап, Қызылжар ауданының оқушылары оқуда табыстарға жетіп, халықаралық және республикалық ғылыми олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық конкурстарда марапаттарға ие болып, Қызылжар ауданының атын шығаратынын атап өтті.

Сарантай Мәнсүр, Жамансаримова Мира, Землякова Анастасия, Амина Досан өздерінің жетістіктері мен жыл бойына жоспарлап, жүзеге асыруды алға қойған ойларымен бөлісті. №2 Бескөл ОМ оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Қызылжар ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әбдірахманов Амангелді Еслямбекұлы балаларға жоғары жетістіктері, шығармашылығы, білімі және үлкен жетістіктерге жетелейтін ерік-жігері үшін алғыс білдірді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

29.04.2022
Қараулар: 555
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет