«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы

2019 жыл 09 қаңтар күнi Бәйтерек ОМ «Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы өттi. Оған Қызылжар ауданының жас патриоттары ассоциациясының өкiлдерi қатысты. Шараға ауданның барлық мектептерiнен барлығы жиырмадан астам оқушы жиналды.

Шара барысында №2 Бескөл ОМ оқушысы Тимур Растенов пен Новокаменка ОМ оқушысы Людмила Артемьева 2018 жылды қорытындылап баяндама жасады.

Содан соң Соколовка ОМ оқушылары Карина Камсутдинова мен Алина Зейнуллина «Мұражай — ұрпақтардың көрнектi естелiгi» тақырыбына дайындаған презентацияларын таныстырды. Ал Татьяна Мезгова(Асаново ОМ) мен Сергей Голец(Шаховское ОМ) оқушылары өздерiнiң құрдастарын Отанды сүюге, оның құндылықтарын құрметтеуге шақырып, елiмiздiң жарқын болашағы үшiн аянбай еңбек етiп, бiлiм жолында көп iздену керектiгiн айтты.

Шара барысында жиналған қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» туралы мақалаларын талқылады.

Сонымен қатар, пiкiрталас алаңы аясында оқушылар алдағы уақытта мектептерiнде қандай жұмыстар атқаратындары туралы бағыт-бағдарларын айқандып, нақты жоспарлар құрды.

Шара Бәйтерек ОМ ұжымының ұйымдастырумен өткен шытырманға толы квест-ойынмен аяқталды.

«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы«Тарих беттерiнiң жапырағы» аудандық II пiкiрталас алаңы

09.01.2019
Қараулар: 949
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет