«Табиғатты аяла»

2019 жылдың 09 қазанда, білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Красноярка НМ базасында «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар мен экологтардың жылсайынғы аудандық форумы өткізілді.

Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде, өлкетану, экология және қоршаған ортаны қорғау саласын зерттеуге және әлеуметтік-тәжірибелік қызметке қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау және қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Форумның басты міндеті патриоттық сезімді және азаматтық жауапкершілікті дамытуға ықпал ететін экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық рухты қалыптастыру, тарихты зерделеу жөніндегі білім беру ұйымдарының қызметін жандандыру болып табылады.

Қатысушылар өлкетану мен экология бойынша өздерінің жобаларын қорғап шықты. Ескере кететін жағдай, балалар өздерінің мектептерін абыроймен таныстырып, жұмысқа жауапкершілік пен шығармалық қырынан келді. Бұдан кейін барлық қатысушылар Красноярка НМ педагогтары ұйымдастырған квест-ойынға қатысты.

Форум қатысушылары өз құрбы-пікірлестерімен кездесуден көптеген позитив, жақсы қуат алып қайтты. Табиғатпен тілдесу барысында үлкен сергектік қуатын алып қайтты, бұл өз кезегінде Қызылжар ауданының оқушылары қоршаған ортаны қорғауға, туған өлкенің экологиясын сақтауға және туған ауылдың көрікті жерлерін зерттеуге қандай сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарайтынын тағы бір дәлелдейді.

Форум жеңімпаздары дипломдармен марапатталды, ал қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Форум жүлдегерлерін дайындаған педагогтар тиісті дипломдармен марапатталды.

09.10.2019
Қараулар: 1521
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет