«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» көшбасшыларының слетi

22 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығын мерекелеу аясында Қызылжар ауданының «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» көшбасшыларының слетi онлайн форматта өттi. АББ басшының орынбасары А.С. Мурзабаева құттықтау сөзiн сөйледi, ол Қазақстанның Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен республиканың қалыптасуының маңызды кезеңдерiн белгiлеп, жас жасұландықтар мен жасқырандықтарға жақсы оқуға, осы есiмдi мақтанышпен алып жүруге, өз елiнiң патриоты, еңбекқор және бiлiмдi болуы керектiгi туралы тiлек бiлдiрдi. Балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары қарттар мен жалғыз басты ауыл тұрғындарына көмек көрсету бойынша әртүрлi жұмыс түрлерiн ұсынды, олар бiрге қызықты кiтап оқыды, құрдастарымен математика бойынша қиын есептердi шештi, конкурстарға, олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатысты. Ал ең бастысы — әрқашан жауапты болу және көмек көрсетуге дайын болу. Қазiр ауданда «Жас Қыран» қатарында — 1029, «Жас Ұлан» қатарында — 1046 оқушы бар.

Шара аясында мектептерде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бiрыңғай балалар-жасөспiрiмдер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң қатарына 30 бала қабылданды.

Слет аяқталғаннан кейiн қатысушылар осы оқу жылына арналған iс-қимыл бағдарламасын қабылдады, онда салауатты өмiр салтын жүргiзуге байланысты көптеген iс-шаралар өткiзу қажет.

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» көшбасшыларының слетi

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» көшбасшыларының слетi

23.11.2021
Қараулар: 832
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет