Семинар-практикум

2022 жылдың 17 ақпанында «№2 Бескөл ОМ» КММ бастауыш сынып мұғалiмдерiне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтiк бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту»семинары өттi. Семинарға 64 педагог қатысты.

Семинар аудандық әдiстемелiк кабинеттiң ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқытушыларының коммуникативтiк бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру бойынша ауданның бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң кәсiби шеберлiк деңгейiн арттыру МАҚСАТЫНДА «№2 Бескөл ОМ» КММ педагогтары осы бағыттағы жұмыс тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Коммуникативтiк бiлiк, дағдыларды және iс-әрекеттердi қалыптастыру мектептегi бiлiм берудiң басым мiндетi болып табылады. Спикерлер өз сөздерiнде мәселенiң өзектiлiгiн атап өттi, өйткенi бұл дағдылардың қалыптасу деңгейi балаларды оқытудың тиiмдiлiгiне ғана емес, сонымен бiрге олардың әлеуметтенуi мен жалпы тұлғаның дамуына да әсер етедi.

Семинар практикалық тәжiрибеге бағытталған түрде өттi. Семинардың практикалық бөлiмiнде педагогтар 3 А сыныбының — қазақ тiлiнен «Сөйлем және мәтiн», 1 б сыныпта оқу сауаттылығы пәнiнен «Текст повествование» тақырыбындағы бейнесабақтарын ұсынды.

Семинар мiндеттерiнiң бiрi-бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтiк дағдыларын дамытуда тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi пайдалану бойынша тәжiрибе алмасу. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша шеберлiк-класстары үшiн әрiптестерiнiң жоғары бағасына ие болды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар семинардың көпжоспарлылығын атап өттi: Ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалардың оқу қызметiн ұйымдастыру бойынша нақты практикалық кеңестер мен ұсыныстар берiлдi, сөйлеу креативтiлiгiн дамыту мақсатында қызықты тренинг өткiзiлдi және жас педагогтармен WorKshop бейнефрагментi ұсынылды.

Ауданның бастауыш сынып мұғалiмдерi өткiзiлген семинардың маңыздылығын, уақтылығын, сапасын және өзектiлiгiн мойындады. Әдiстемелiк семинарлар шеңберiндегi практикаға бағытталған сабақтар педагогтердiң пәндiк-әдiснамалық құзыреттiлiгiн дамытуға ықпал етедi, мұғалiмдердiң озық оң тәжiрибесiн тарату бiлiгiн жетiлдiредi және педагогтердiң кәсiби құзыреттiлiгiн дамытуға ықпал етедi деп қорытынды жасауға болады.

 

Семинар-практикумСеминар-практикум

18.02.2022
Қараулар: 610
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет