Семинар-практикум

2022 жылы 23-24 ақпан күндері халықаралық зерттеулерге дайындық Жоспарын іске асыру аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерінің жетекшілігімен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға,тренажерды пайдалануға бағытталған семинар-практикумдар өткізілді.

Аталған семинар жұмысына жаратылыстану-математикалық бағыттындағы 8,9,10 сыныптарда сабақ беретін 94 мұғалім қатысты, оның ішінде орыс тілінде : 61 (физика, биология, химия, география-35, математика-26), қазақ тілінде : 33 (физика, биология, химия, география-22, математика-11). ЦПМ тренерлері Завертунова Наталья Николаевна, Молдажанова Салтанат Мейрамовна семинар қатысушыларына PISA форматында халықаралық зерттеуде оқу сауаттылықты арттыруға арналған тренажерлерді ұсынды.

Семинардың белгіленген тақырыбы өзекті, оның мазмұны функционалдық сауаттылықты қалыптастыру аясында кәсіби кемшіліктерді толтыруға, мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз ету форматтарын жаңартуға мүмкіндік берді.

24.02.2022
Қараулар: 643
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет