МАӘБ мектептерінің арасындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинары

2019 жылдың 14 қарашасында жаңартылған бiлiм беру мазмұны аясында «Совхоз орта мектебi» КММ базасында бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң аудандық семинары өттi.

Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математика сабағын оқытудың белсендi формалары мен әдiстерiн қолдану».

Осы семинардың мақсаты: жаңартылған бiлiм беру мазмұны жағдайында математика сабақтарында материалды зерттеудiң спиральдi моделiн пайдалануды қадағалау.

Бастауыш сынып мұғалiмдерiмен оқытудың белсендi түрлерi мен әдiстерiн қолдана отырып ашық сабақтардыңкезеңдерi дайындалды:

1 сынып оқушылары, мұғалiмi С.И. Вагнер алғашқы ондықты ауызша есептеудiң саласында үш тiлде тура және керi тәртiпте өз бiлiмдерiн көрсеттi.

2 сынып мұғалiмi И.В. Кондрашова «Не? Қайда? Қашан?» атты 100-ге дейiнгi санау негiзiнде метаматикалық ойын өткiздi. Оқушылар зерттеу сипатындағы белсендi ойлау қызметiне тартылды, балаларғабар бiлiмдерiн ғана емес, сонымен қатар өздерiне белгiлi iс-әрекеттi орындаудың жаңа тәсiлiн табу қажет болды.

Ал 3 сынып оқушылары Т.В. Янчукованың жетекшiлiгiмен «Автобус аялдамасы» әдiсi бойынша топтық жұмысқа тартылды, онда 1000 шегiндегi есеп жүргiзу саласында өз бiлiмдерiн бекiтiп алды.

«Көп мәндi сандар» тақырыбы бойынша материалды зерттеудiң спирал тәрiздi моделiн қолдануда, 4 сыныпта мұғалiм Н.Н. Крайнова «Банкир» ойыны түрiнде рефлексия әдiсiн қолданды. Өткiзiлген сабақтардың барлық кезеңдерi өзара тығыз байланысты болды, оқытудың спираль тәрiздi модел бойынша кезектесiп, бiлiм беру талаптарына сәйкес келдi.

Семинар аясында Асаново орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi Т.А. Абишева «4 сыныпта белсендi оқыту әдiстерiн қолдану» тақырыбында өз тәжiрибесiмен бөлiстi.

Семинар шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасында өттi және бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң жоғары нәтижелiлiгiн көрсеттi. Барлық қатысушыларды бастауыш бiлiм беру әдiскерi Д.М. Казиеважәне мектеп директорының м.а. Б.Ж. Бейсембаева, құттықтады.

«Совхоз орта мектебi» КММ қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған тамаша әдеби эстафетаның жалғасы болып өттi.

Қорытынды кезеңде директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Ф.А. Надирова сөз сөйледi. Фарида Адиловна қазақ халқының ұлы ақынының құрметiне арналғаносы даңқты эстафетаны жалғастыруы үшiн мектептерге табыстады.

14.11.2019
Қараулар: 1590
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет