Математика пәні мұғалімдерінің семинары

2018 жылғы 28 0араша күнi «Парасат» мектеп-лицейiнде «Математика пәнi бойынша бiлiм беру мазмұнын жаңартудың өзектi мәселелерi» тақырыбында математика пәнi мұғалiмдерiне арналған семинар өттi. Семинарға ауданның қазақ тiлiнде сабақ беретiн математика пәнiнiң 12 мұғалiмi қатысты.

Семинарда «Парасат» мектеп-лицейiнiң математика пәнi мұғалiмi Қамыспаева А.А. 8 сыныпта ашық сабақ, ал Жанатова С.Н. шеберлiк сабақ көрсеттi.

Осы мектептiң жоғарғы санатты мұғалiмдерi Темiрғалиева Г.С. мен Ибраева С.Е. және №2 Бескөл ОМ математика пәнi мұғалiмi Сердалина Б.Б. өз iс-тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Әдiскер Е.Б. Калдаманова осы оқу жылының 1 тоқсанның мониторингiсi мен оқу сапасына тоқталып, талдау жасады.

28.11.2018
Қараулар: 1581
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет