Математика мұғалімдері секциясы

«Тәрбиенің басты құндылықтары: отансүйгіштік, білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік» атты 2022 жылғы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясында 2022 жылдың 19 тамызында аудандық математика пәні мұғалімдерінің секциясы өтті.

No3 Бескөл орта мектебінің мұғалімі Лия Қабиденқызы Булатова мұғалімдерді 2022-2023 оқу жылында математика және физика пәндерін оқытудың ерекшеліктерімен таныстырды. Федорова Наталья Владимировна - Долматовская НМ мұғалімі, Кирилова Татьяна Витальевна - Озерная ОМ мұғалімі, Жуманжанова Асель Сарсеновна - Подгорная НМ мұғалімдері математика пәнін оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Пәндік бөлімді талқылау барысында мұғалімдерге сабақта оқушылардың білім сапасын арттыру және сыныптан тыс жұмыстарда отансүйгіштікке, білімге құштарлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын жалғастыру ұсынылды.

19.08.2022
Қараулар: 518
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет