Физика пәнi мұғалiмдерiнiң секциясы

🔹Ағымдағы жылдың 19 тамызында республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы — бiлiм беру сапасын арттырудың басты факторы» тақырыбы бойынша Қызылжар ауданы физика мұғалiмдерiнiң секция отырысы өттi.

🔹 Секцияға физика пәнi мұғалiмдерiнiң ассоцияцияның мүшелерi мен ауданның физика мұғалiмдерi қатысты.

🔹Күн тәртiбiнде ең өзектi мәселелер талқыланды. Олар: 2022-2023 оқу жылында физиканы оқыту ерекшелiктерi, оқушыларды халықаралық PISA зерттеулер мен олимпиадаларға дайындау және әрекеттегi зерттеушiлiк жұмыстарының бағыттары.

🔹 Бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Ережепов Т.Қ. өз сөзiнде оқушылардың олимпиадаларға дайындығын күшейтудi ескердi және есептердi шешуде жиi кездесетiн қателiктерi мен шешу жолдарын атап өттi, сондай-ақ олимпиадаларға дайындық кезiнде мұғалiмдерге көмек көрсету бойынша ұсыныс айтты.

🔹Интерактивте өткен отырыс барысында спикерлер өздерiнiң педагогикалық технологиялары мен қаралатын мәселелердiң әдiстемелiк шешiмдерiн ұсынды және мұғалiмдерге оқушылардың сабақта бiлiм сапасын арттыру және сыныптан тыс жұмыс кезiнде отансүйгiштiкке, бiлiмге деген құштарлық пен еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Физика пәнi мұғалiмдерiнiң секциясы

Физика пәнi мұғалiмдерiнiң секциясы

Физика пәнi мұғалiмдерiнiң секциясы

19.08.2022
Қараулар: 547
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет