Инклюзивті білім беру мамандарына арналған секция

2021 жылғы 24 тамызда Қызылжар ауданының бiлiм беру саласы педагог қызметкерлерiнiң «Инклюзивтi кеңiстiкте ерекше бiлiм берiлуiне қажеттiлiгi бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек және қолдау көрсету жүйесi» бойынша аудандық тамыз конференциясы «Инклюзивтi бiлiм беру» бағыты бойынша секция өттi.

Аталған секцияның модераторы-Алибекова А.З., «№ 2 Бескөл орта мектебi»КММ жанындағы қолдау кабинетiнiң кураторы.

Секция барысында аудан ұйымдарының мамандары сөз сөйледi: педагог-психолог М.А. Аксарина «КПИ психологының жұмысында баланы дамытудың нейропсихологиялық тәсiлдерi» тақырыбында, КПИ әлеуметтiк педагог Н.В. Карпусь тәжiрибеге бағытталған сабақтар жүйесi арқылы ЕББҚ бар балаларға өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын үйрету бойынша жұмыс тәжiрибесiмен бөлiстi, дефектолог-мұғалiм Б.С. Булатова РАС моделi арқылы балаларды мектеп ортасына қосутуралы айтып бердi. Сондай-ақ, «Әлеуметтiк инклюзивтi бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының президентi Мурзалинова-Яковлева С.О. «Инклюзивтi бiлiм беруде ЕББҚ бар балаларды тьюторлық сүйемелдеу» тақырыбында сөз сөйледi, ал «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетi» КММ әдiскерi Искакова А.А. ППТК қызметi аясында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудi ұйымдастыру туралы айтты.

26.08.2021
Қараулар: 761
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет