Тамыздық секция «Орыс тілі мен әдебиеті»

2021 жылы 24 тамыз күні «Білім ұлт-тұрақты дамыту кепілі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған аудандық тамыз секция отырысы өткізілді.

Секция барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері А.И. Байгужинова «Орыс тілі пәні бойынша білім сапасы - мұғалімнің кәсіби шеберлігінің нәтижесі» атты 2021-2022 оқу жылының пән бойынша қорытынды білім сапасы бойынша талдау жасап, ақпарат көрсетілді.

«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хат туралы Пеньково орта мектебінің мұғалімі Тлегенова Клара Сурагановна түсініктеме жасады.  

Жалпы өз іс-тәжірбесімен «Әдебиет сабақтарында пікірталас технологиясының әдістерін қарым -қатынас дағдыларын дамыту құралы ретінде қолдану» тақырыбы бойынша Якорь орта мектебінің орыс тіл мұғалімі Акст И.А., «Орыс тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС мұғалімі Асылбекова Д.К.,

«Түрлі - мақсат бір немесе түлектерді ҰБТ -ны сәтті тапсыруға қалай дайындау керек?» Асаново орта мектебінің мұғалімі Лукановская И.А..сияқты ұстаздарымыз қашықтықтан оқытудағы қолданылатын тиімді жұмыс түрлері, ерекшеліктері,білім беру платформасы, бағалау рөлдері,PISA ,PIRLS -Халықаралық зерттеулер,функционалдық сауаттылықты дамыту, оқытылым және жазба жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы мазмұнды іс-тәжірбиелерімен бөлісіп,тәжірбие алмасты.

Семинар соңында қатысушыларға ұсыныстар берілді.

24.08.2021
Қараулар: 628
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет