Секция отырысы

Жыл сайын қалыптасқан дәстүрлер бойынша әр мұғалiм өткен оқу жылының қорытындысы бойынша пiкiр алмасып, болашақта не жаңалық күтетiнi туралы әрiптестерiмен тамыз кездесулерiн күтедi. Биылғы жыл да ерекшеленiп өттi. Ағымдағы жылдың 23 тамызда «Мектептегi әдiстемелiк жұмыстарды бақылау және басқару» тақырыбында директорлардың ОТЖ бойынша орынбасарларымен 23 тамыз айындағы секциясы өттi. Кездесу барысында Юлия Сергеевна Назарова Боголюбово орта мектеп директорының орынбасары «Магниттiк мектептердiң оқушылары үшiн сапалы бiлiм алу факторларының бiрi ретiнде ресурстық орталық» тақырыбындағы тәжiрибесiмен бөлiстi, Якорь орта мектебi директорының орынбасары Шәкiрова Замира Кәрiмқызы «Педагогтардың кәсiби құзыреттiлiгiн арттыру құралы ретiндегi әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудағы инновациялық тәсiлдерi» тақырыбымен бөлiстi. Мектепiшiлiк бақылаудың қалай жүргiзiлiп жатқанын, осы бағыттағы жұмысты қалай жоспарлау керектiгiн «Парасат» мектеп-лицейi» директорының орынбасары «Мектептегi әдiстемелiк жұмысты бақылау және басқару» тақырыбында айтып бердi. «2021-2022 оқу жылын және ҚНА ұйымдастыру ерекшелiктерi туралы» АӘК меңгерушiсi Менсулу Манапқызы Төребекова баяндады. ОТЖ бойынша орынбасарлармен секция жұмысының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жоспарын құру бойынша, мектепiшiлiк бақылау және ҚНА педагогикалық ұжым құрамымен танысу бойынша ұсыныстар қабылданды.

23.08.2021
Қараулар: 344
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет