Жылы лебізіміз сіздерге, ұстаздар!

2021 жылғы 04 қазан күні Ұстаздар күніне арналған «Жылы лебізіміз Сіздерге, ұстаздар!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.

Аудан әкімі педагогикалық қауымдастықты кәсіби мерекесімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй, сарқылмас күш пен сәттілік тіледі.

Білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі, өскелең ұрпаққа сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін, педагогикалық еңбек ардагерлері, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды: Г.И.Донченко, Аманова Л.К., Кенбеилов Ж. Қ., Полякова З.С., жиналғандарды құттықтап, барлық мұғалімдерді мерекемен құттықтады, жас ұстаздарға тілек сөздерін айтты.

Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, үш ұстаз Алғыс хатпен марапатталды. Жоғары кәсіби шеберлігі үшін, байқаулар мен олимпиадалардағы жетістіктері үшін, облысымыздың 10 ұстазы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Биылғы оқу жылында ауданда педагогикалық жолын бастаған 45 жас маманның атынан, музыка мен би өнерімен Рассвет орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дмитриева Д.И.сөз сөйледі.

Олар «Мерей» өнер мектебінің күштерімен дайындалған үлкен концертті тамашалады.

04.10.2021
Қараулар: 824
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет