Республикалық «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: Өз балаңа үлгі бол» ата-аналар конференциясының курсы

Отбасы күнi мерекесi аясында Қызылжар ауданында «Қазақстандық 21 ғасырдың ата-аналары: өз балаңа үлгi бол» тақырыбындағы ортақ республикалық ата-аналар конференциясы бастау алғанын атап өткен жөн. Бiрiншi конференция 1 сынып оқушыларының ата-аналарының басын қосты. Шара Бескөл орта мектеп-гиназиясында ұйымдастырылып, оған аудан әкiмiнiң орынбасары Алма Нургалиева мен бiлiм бөлiмi басшысының орынбасары Жанар Ақылбекова қатысты. Аталмыш конференция үстiмiздегi жылдың қыркүйегi мен қазан айларында Бiлiм және ғылым минстiрлiгiнiң Балалар құқығын қорғау бойынша комитетке бағынысты Отбасы тәрбиесi институты елiмiздiң барлық бiлiм ошақтарында өткiзетiн болады.

15.10.2018
Қараулар: 1636
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет