Тәрбиенiң негiзгi құндылықтары туралы

Бүгiн ауданның түкпiр-түкпiрiнен келген ұстаздардың басын қосқан Қызылжар мәдениет үйiнде үлкен салтанатты шара өттi.

Мәдениет үйiнiң фойесiнде 16 бiлiм беру ұйымы өздерiнiң әдiстемелiк әзiрлемелерiнiң көрмелерiн ашып, педагогикалық қызметтерiнiң шағын бейнероликтерiн ұсынды.

Тамыз кеңесiне педагогикалық еңбек ардагерлерi, жас ұстаздар және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi шақырылған.

Бiлiм бөлiмiнiң басшысы А.Абдрахмановтың «Бiлiмнiң басты құндылықтары: отансүйгiштiк, бiлiмге құштарлық, еңбекқорлық» атты баяндамасында өткен жылдың қорытындысы, алдағы 2022-2023 оқу жылының жаңалықтары айтылды. Бiрлескен баяндамашылардың сөзiнде бiлiм берудiң құндылықтары — бiлiм сапасын арттыру жолдары, дарынды балаларды қолдау, оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн дамыту және инновациялық технологияларды енгiзудiң жаңа әдiстерiне тоқталды.

Ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балаларды мектеп кеңiстiгiне қосу мәселелерi де қозғалды.

Ұстаздар қауымы және ұжымдардың марапаттау рәсiмi өттi.

27.08.2022
Қараулар: 488
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет