Химия және биология мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру жағдайындағы мұғалімнің шығармашылығы» тақырыбы бойынша аудандық семинар

30 Қарашада ZOOM платформасында химия және биология мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру жағдайындағы мұғалімнің шығармашылығы»тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінен 45 мұғалім қатысты.

Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы оқушылардың материалды игеруі және олардың оқу іс-әрекетінде қажетті дағдыларды игеруінің негізгі факторы болып табылады. Мұғалімнің оқушыға ақпаратты жеткізу, оны сабақ материалына қызықтыру және алған білімдері мен дағдыларының оқу іс – әрекетінде қолданылуын көрсету қабілеті мектептегі әр мұғалімнің басты міндеті болып табылады.

Бірінші сұрақ бойынша АӘК әдіскері А.М. Жунуспаева «Өткен жылмен салыстырғанда 1 тоқсан ішінде «Химия», «Биология» пәндері бойынша оқушылардың білім сапасының мониторингі»тақырыбында сөз сөйледі. Мектептер бойынша пәндерге талдау жүргізілді, білім сапасының динамикасы мен төмендеуі көрсетілді. Қызылжар ауданының химия, биология пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Ростовщикова Ольга Кирилловна Пенькова орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі «Жаңартылған білім беру жағдайында химия және биология сабақтарындағы бағалау»тақырыбында сөз сөйледі. Сондай-ақ өз жұмысымен Якорь орта мектебінің биология мұғалімі Фролова Марина Николаевна «Мектептегі ғылыми жобалау процесінде мұғалім мен оқушының шығармашылық әлеуетін іске асыру» тақырыбында айтып өтті. Бәйтерек орта мектебінің биология пәні мұғалімі Бекишева Гульвира Жумабаевна «Жаңартылған білім беру жағдайындағы мұғалімнің шығармашылығы»тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Ал Козел Елена Павловна Подгорное негізгі мектебінің химия, биология пәнінің мұғалімі «Творчество учителя в условиях обновленного образования» атты тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.

30.11.2020
Қараулар: 1017
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет