География мұғалiмдерiне арналған аудандық семинар

30 наурызда онлайн форматта география мұғалiмдерiне арналған «Оқушылардың бiлiм сапасын арттыру мақсатында Заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану бойынша тәжiрибе алмасу»тақырыбында аудандық семинар өттi,оған 36 мұғалiм қатысты.

АӘК әдiскерi «География» пәнi бойынша 3-шi оқу тоқсанындағы оқушылардың бiлiм сапасына мониторинг жүргiздi, ұсыныстар бердi. Боголюбово ОМ география пәнiнiң мұғалiмi Белая И.В. географияның қолданбалы курсы бойынша авторлық бағдарламамен жұмыс жасау әдiстемесi туралы айтып, оны 7-9 сынып сабақтарында пайдалану үшiн ұсынды. Шаховское ОМ география пәнiнiң мұғалiмi К.Е. Айтжанова «Жобалық қызметтi ұйымдастырудың ерекшелiктерi» тақырыбы бойынша жұмыс тәжiрибесiмен бөлiстi, оқушылардың зерттеу қызметiн ұйымдастыру туралы айтып бердi, қазiргi уақытта өзектi болып табылатын жобалардың шамамен алынған тақырыптарын келтiрдi. Сондай-ақ Якорь ОМ география пәнiнiң мұғалiмi Кошанов К.М. «Экологиялық жобалар: өзектi және iс жүзiнде маңызды» тақырыбы бойынша сөз сөйледi, оның оқушысы «PRO ECO» республикалық экологиялық жобасының II дәрежелi дипломанты болып табылады.

АӘК әдiскерi 9-сыныптарда «География» пәнi бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларының ерекшелiктерiне назар аударды.

Семинар қорытындысы бойынша ауданның география мұғалiмдерiне ұсыныстар жасалды.

30.03.2022
Қараулар: 495
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет