Республикалық мектеп дебат турнирінің аудандық кезеңі

Дебат — бұл тек интеллектуалды рөлдік ойын ғана емес, бұл нақты білім беру технологиясы. Олар сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады, ақпаратты талдауға, топта жұмыс істеуге, сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге үйретеді. Пікірсайысқа қатысушылар үгіт-насихат пен популистік идеяларға азырақ бейім, өйткені оларға қатысу өз ұстанымын дәлелдеу қабілетін қалыптастырады. Бұл дағды шынайы өмірде өз қолданысын табады және жастарды алған ақпарат ағынына талап қоя білуге үйретеді.

2021 жылдың 1 қазанынан 13 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған республикалық мектеп дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Бұл турнирге қазақ лигасында 4 команда және орыс лигасында 10 команда қатысты. Жеребе бойынша қазақ лигасында 2 ойын, орыс ойынында 5 ойын өтті, осылайша жеңіске жеткен команда жартылай финалға өтті. Қазақ лигасында финалдық ойында «Парасат» мектеп-лицейі мен № 2 Бескөл ОМ командалары ойнады. «Парасат» мектеп-лицейінің командасы жеңімпаз атанды. Орыс лигасында жартылай финалдық ойындарда № 2 Бескөл ОМ, Большая Малышка ОМ және Шаховское ОМ, Якорь ОМ командалары жарысты. Финалдық ойын Якорь ОМ және Боголюбово ОМ командалары арасында өтті. Нәтижесінде Якорь орта мектебінің командасы орыс лигасында жеңімпаз атанды. Жеңімпаз командалар облыстық ойындарда аудан намысын қорғайтын болады. Ойындардың үздік спикерлері Боголюбово ОМ оқушылары Таценко Егор және «Парасат» мектеп-лицейінің оқушылары Мерей Аширбек болды.

Озерное ОМ тарих пәнінің мұғалімі Жангелді Серсенұлы Сүлейменовке, сондай ақ Бугровое ОМ тарих пәнінің мұғалімі Дмитрий Юрьевич Ракецкийге, Большая Малышка ОМ мұғалімі Виктор Александрович Сауковқа және Боголюбово ОМ мұғалімі Руслан Илдосұлы Шайдуллинге жоғарыда аталған ойындарда төрешілік еткен төрешілерге ерекше алғыс айтамыз.

Дебат турнирінің қорытындысы келесідей:

Қазақ лигасы: 1 орын — «Парасат» мектеп-лицейі, 2 орын Бәйтерек ОМ, 3 орын № 2 Бескөл ОМ

Орыс лигасы: 1 орын Якорь ОМ, 2 орын — Боголюбово ОМ, 3 орын Шаховское ОМ, Пеньково ОМ.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және облыстық ойындарда сәттілік тілейміз!

14.10.2021
Қараулар: 937
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет