Білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

20 қарашада Білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Олимпиада келесі пәндер бойынша жалпы білім беру бағдарламалары негізінде өткізілді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, Қазақстан тарихы. Аудандық кезеңде қашықтық форматта ауданның 34 мектебінен 261 оқушы қатысты. Оқушылар қатысқаны үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

Аудан мектептерінен 6 пән бойынша 5-6 сыныптардың 12 оқушысы облыстық кезеңге жіберілді. Олимпиада қатысушыларына сәттілік пен табыс тілейміз!

24.11.2020
Қараулар: 1030
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет