9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі

15-18 қазанда онлайн форматта, Zoom платформасы арқылы республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға 53 жобамен 53 оқушы қатысты, оның ішінде 14 жоба қазақ тілінде. 2 күн ішінде 9-11 сынып оқушылары 4 бағыт пен 16 секция бойынша өз жобаларын қорғады: «Ғылыми-техникалық прогресс — экономикалық өсудің негізгі буыны ретінд», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта — «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Тарихи ескерткіштер және перспективалы туристік маршруттар». Әр бағытта жобаларды бағалайтын білікті қазылар алқасы жұмыс істеді. 4 бағыт бойынша үздік жұмыстар ғылыми жобалардың облыстық кезеңіне қатысады.

20.10.2021
Қараулар: 795
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет