"Информатика" пәні бойынша облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі

2022 жылдың 21 сәуірінде онлайн форматта 6, 7, 8 сыныптарға арналған "Информатика" пәні бойынша облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді, оның ұйымдастырушысы Петропавл қ. ББСӘЖАТО болды. Олимпиаданың облыстық кезеңі 2022 жылдың 5 мамырында өтеді.

Аудандық кезеңге 24 мектептен 71 оқушы қатысты. Оның ішінде: 6 сыныптан 28 оқушы, 7 сыныптан 19 оқушы, 8 сыныптан 24 оқушы.

Олимпиада оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерудегі шығармашылық қабілеттері мен бастамаларының даму деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.

21.04.2022
Қараулар: 395
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет