Қазақ тіл мен әдебиеті пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі

2021 жылы 22 желтоқсан күні «№2 Бескөл орта мектебі» КММ кешенінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты:

- қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоғары ғылыми — пәндік білімі бар ауданның үздік педагогтерін анықтау болып табылады.

- мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, мұғалімнің жеке өзін-өзі дамытуы негізінде жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру.

- ғылыми білімді насихаттау және педагогикалық мамандық беделінің өсуін ынталандыру.

Олимпиадаға ауданның 21 мектебінен 30-астам қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімдері қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесiдей:

Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ сыныптарында:

1 орын — «Парасат» мектеп-лицейі, Құлатаева А. Ж.,

2 орын — Озерное ОМ мұғалімі Темірбекова Ш. А.,

3 орын — №3 Бескөл ОМ мұғалімі Сагденова С. А.

Қазақ тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында:

1 орын — Чапаево НМ мұғалiмi Жүкенова Б. Б.,

2 орын — Долматово НМ мұғалiмдері Нұржанова А. К., Пулатова Г. А.,

3 орын — Бескөл МК мұғалiмi Мусина К. М., Шаховское ОМ мұғалiмi Рияпова Т. А., Бугровское ОМ мұғалiмi Жуламанова Ж. М.

Жеңiмпаздарды құттықтаймыз және аудан намысын облыстық кезеңде лайықты қорғауға тiлектеспiз!

27.12.2021
Қараулар: 846
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет