25 наурыз күні «№3 Бескөл орта мектебі» КММ кешенінде география және тарих пәні мұғалімдерінің «Кәсіпқой» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты география және тарих пәні бойынша жоғары ғылыми - пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтерін анықтау болып табылады. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, мұғалімнің жеке өзін-өзі дамытуы негізінде жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Олимпиадаға ауданның 13 мектебінен 13 география және 9 мектептен 9 тарих мұғалімдері қатысты.
Олимпиаданың аудандық кезеңі II кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде мұғалімдер тест жазды. Тестілеу 40 сұрақтан тұрды. Екінші кезеңде география және тарих мұғалімдері өздерінің педагогикалық қызметін портфолиосын таныстыра отырып ұсынды.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша І орынды иеленген мұғалімдер облыстық кезеңге қатысады.
Қараулар: 509