9 сынып оқушылары арасында IQanat республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

2020 жылдың 6 қарашасында Қызылжар ауданының мектептерінде IQanat Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Оған 9 сынып оқушылары қатыстырылды. Олимпиадаға барлығы 33 мектептен 139 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру болды.

Байқау тілдік, математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық бағыт бойынша өтті. Қатысушылар осы бағыттардың біреуі бойынша бейімділікті анықтау үшін барлық пәндердің тест сұрақтарына жауап берді. 9 сынып оқушыларына жаңа жеңістер тілейміз!!!

 

09.11.2020
Қараулар: 945
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет