9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі

22-23 қазанда онлайн форматта, Zoom платформасы арқылы республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңi өткiзiлдi. Байқауға 47 жобамен 55 оқушы қатысты, оның iшiнде 8 жоба қазақ тiлiнде. 2 күн iшiнде 9-11 сынып оқушылары 4 бағыт пен 16 секция бойынша өз жобаларын қорғады: «Ғылыми — техникалық прогресс — экономикалық өсудiң неiзгi буыны ретiнде», «Экономикалық және әлеуметтiк процестердi математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта — «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негiзi», «Тарихи ескерткiштер және перспективалы туристiк маршруттар». Әр бағытта жобаларды бағалайтын бiлiктi қазылар алқасы жұмыс iстедi. 4 бағыт бойынша үздiк жұмыстар ғылыми жобалардың облыстық кезеңiне қатысады.

27.10.2020
Қараулар: 962
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет