Аудандық оқу меңгерушілері Кеңесі

2020 жылғы 3 желтоқсанда Қызылжар ауданында «Пандемия жағдайында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен Әдістемелік кеңес өтті, күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Пандемия жағдайында білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды қалпына келтіру туралы.

2. 11-сынып түлектерін қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау туралы.

3. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын жүзеге асырудың үлгілері мен әдістері.

4. Сұрақ-жауап.

Әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды:

1) білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету:

А) оқушылардың білім олқылықтарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру

Б) бейіні пәндер бойынша пән мұғалімдерінің бірлестігі арқылы 9 және 11 сынып түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындықты күшейту және алдын ала білім бөлімдері кезінде жіберілген қателерге элементтік талдау жасауды пысықтау,

В) ауданда бірыңғай ҰБТ алдын ала тестілеу күнін өткізу,

Г) Сан ЕМН сақтай отырып, 11 сынып үшін онлайн және офлайн-консультациялар өткізу.

07.12.2020
Қараулар: 952
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет