Әдістемелік идеялардың аудандық фестивалі

31 мамыр күні «Парасат» ш-л аудандық Әдістемелік идеялар фестивалі өткізілді. Фестиваль аудандағы әдістемелік идеяларды насихаттауға және озық педагогикалық тәжірибені таратуға, шығармашылық қызметті дамытуға және педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдауға, қоғамдағы білім беру басымдықтарын бекітуге, ауданның білім беруді дамытуға қосқан мектептің үлесін көпшілік алдында тануға бағытталған.

Фестивалдың мақсаты ауданның білім беру жүйесіне инновациялық әдістемелік идеяларды енгізу болып табылады. Фестивальге 4 мектептен 8 педагог қатысты.

Педагогтар келесі бағыттар бойынша жобаларын ұсынды:

- Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту мен тәрбиелеу

-Жалпы орта білім беру

- Инклюзивті білім беру

Фестиваль қорытындысы бойынша орындар бағыттар бойынша бөлінді.

- «Орта білім беру» бағытында жүлдеге ие болғандар: Шакирова Замира Каримовна ОТЖ бойынша орынбасары, Шаштаулетова Алма Ергалиевна директордың ҒӘ жұмыс бойынша орынбасары, «Якорь ОМ»КММ –І орын;

Александрова Татьяна Сергеевна «Налобино ОМ» КММ биология пәні мұғалімі-ІІ орын;

Ибраева Айнагуль Маратовна «Парасат» ш-л КММ - І орын;

- «инклюзивті білім беру» бағытында жүлдегерлер атанды:

Аксарина Мариям Амангельдовна-инклюзияны қолдау кабинетінің педагог-дефектологы-I орын;

Булатова Бахыт Сейткалиевна-инклюзияны қолдау кабинетінің педагог-психологы-II орын ;

Карпусь Наталья Валерьевна-инклюзияны қолдау кабинетінің әлеуметтік педагогы-III орын;

- «мектепке дейінгі және бастауыш оқыту мен тәрбиелеу» бағытында жүлдегерлер атанды:

Даниярова Асемгуль Ерболовна- «Парасат» МЛ» КММ «Бал-бөбек»ш-о тәрбиешісі.

Аудандық фестиваль дипломанттары жұмыстарын тамыз пәндік секцияларында көрсететін болады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

02.06.2021
Қараулар: 973
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет