«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде» ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін «Ауыл. Ауданы. Облыс. Республика» аудандық тарихи-өлкетану олимпиадасы

2020 жылдың 15-20 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушыларына арналған «Аудан. Облыс. Республика» аудандық тарихи-өлкетану олимпиадасы өткiзiлдi.

Байқаудың мақсаты: туған өлкенiң және өз елiнiң тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабiлеттерiн қалыптастыру, қоғамдық белсендiлiктi қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезiмдерiн дамыту, сондай-ақ оқушылардың Қазақстан тарихы мен өлкетану бойынша бiлiмдерiн дамыту.

Байқаудың мiндеттерi:

- туған өлкенiң тарихын зерттеуге танымдық қызығушылықты ынталандыру;

- өлкетануға қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және қолдау;

- оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы зерттеу идеялары мен бастамаларын анықтау және ынталандыру;

- ортақ тарих, өз жерiне, өз ауылына, ауданына, өңiрiне деген сүйiспеншiлiк негiзiнде жалпықазақстандық бiрегейлiк пен бiрлiктi қалыптастыру.

Олимпиада қашықтықтан өткiзiлдi. Ережеге сәйкес Конкурс төрт турда өткiзiлдi. Әрбiр өткен тур үшiн қатысушы ұпай алды. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар конкурста жеңiске жеттi.

I турда қатысушыларға Қазақстан тарихы бойынша тапсырмалар ұсынылды. II турда-Солтүстiк Қазақстан облысының және Петропавл қаласының тарихы бойынша тапсырмалар. III турда-Қызылжар ауданының тарихы бойынша тапсырмалар. Байқаудың IV турына қатысу үшiн олимпиадаға қатысушылар өз ауылының визит карточкасын әзiрлеп, ұсынды.

Қазылар алқасы олимпиаданы қорытындылады. Ауданның 18 мектебiнен барлығы 20 оқушы қамтылды.

Қосымша (ZIP 16 Kb)

21.10.2020
Қараулар: 842
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет