Талқылау барысындағы өзекті мәселелер

08 желтоқсанда білім беру мекемелері қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша басшылармен кезекті кеңес өткізілді. Спикерлермен келесі мәселелер көтерілді: «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберіндегі міндеттер мен даму перспективалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша ағымдағы мәселелер, спорт секцияларының қызметіне мониторинг жүргізу. Білім бөлімінің басшысы А. Әбдірахманов оқушыларды вакцинациялау мәселесі ерекше алаңдаушылық тудыратындығын айта кетті. Аталмыш мәселер бойынша басшы тарапынан тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

08.12.2021
Қараулар: 770
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет