«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары

2020 жылдың 23 желтоқсанында Қызылжар ауданының әкімі Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасовтың қатысуымен «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Осы жылы алғаш рет «Елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану және информатика пәндері бойынша аталған олимпиада өткізілді.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Оның алғашқысына біздің ауданнан мыңнан астам оқушысы қатысты. Солардың ішінен 2 кезеңге ауданның 9 мектебінен 23 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының 11 оқушысы жеңімпаз атанды. Олар:

Ярослава, Кожина Артем (Бескөл орта мектеп-гимназиясы);

Назаренко Надежда (Якорь орта мектебі);

Гладилова Дарья (Совхоз орта мектебі);

Подготовецкая Есения, Молчанова Виктория (Соколовка орта мектебі);

Гришина Валерия (Пресновка орта мектебі);

Хубулури Никита (Пеньково орта мектебі).

Жеңімпаздарға дипломдар және ноутбуктар сыйға берілді. Біз балаларды Олимпиададағы жеңісімен құттықтай отыра, жаңа жетістіктер, оқуда табыстар тілейміз!

 

23.12.2020
Қараулар: 1232
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет