Директорлар кеңесінің кезекті отырысы

29 сәуірде «№ 2 Бескөл ОМ» КММ базасында Қызылжар ауданының білім беру мекемелері Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде ең маңызды және өзекті тақырыптар: оқу жылының аяқталуы және қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері, оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оқушыларды күнделікті тасымалдауды ұйымдастыру бойынша шараларды оңтайландыру, 1-сыныпқа балаларды қабылдау. Мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кірістерін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды, мерзімдер белгіленді.

Аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі М. М. Туребекованың 9,11 сынып оқушыларының білім сапасы туралы баяндамасы тыңдалды. Білім бөлімімен өткізген білім сапасының мониторингі осал аймақтарды анықтады.

Отырыс барысында білім беру мекемелерінің басшылары жоғарыда аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар алды.

29.04.2022
Қараулар: 108
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет