«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті туралы

Парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында Қызылжар ауданының мектептерінде «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді, онда 1000-нан астам оқушы білім алуда.

14 қазанда ZOOM конференция арқылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің облыстық департаменті «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Адал ұрпақ» еріктілердің облыстық слеті өтті.

Жиынға облыс аудандарынан келген білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлері, «Адал Ұрпақ» клубтарының делегаттары қатысты. Айыртау, Жамбыл және басқа да көптеген аудандардың өкілдері сөз сөйледі.

Қызылжар ауданын Вагулино орта мектебі таныстырды, клуб мүшелері жобаларды, презентацияларды қорғады, сондай-ақ клуб қатарына қабылдану арқылы өз идеялары мен жетістіктерімен бөлісті.

Шақырылған спикер, «Шеврон» жобалары бойынша кеңесші Джон Седлар слетке қатысушыларды құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Аталған бағыт бойынша Қазақстанда 7 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, ал ол білім беру саласында 32 жылдан астам жұмыс істеп келеді.

Облыстық слеттің соңында осындай форумды жыл сайын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

14.10.2021
Қараулар: 995
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет