ҰБТ-ға қатысу қорытындылары туралы

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында білім беру ұйымдары басшыларының кезекті кеңесі өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер: 2022-2023 оқу жылының ҰБТ 1-кезеңін өткізу қорытындысы, буллингтің алдын алу шаралары, наурыз айындағы тәрбие іс-шаралары, эвакопункттердің су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындығы.

Әдіскер Т.К.Ережепов бөліскен ақпаратта ҰБТ-ның соңғы үш жылдағы орташа балдар бойынша талдамалық деректер, 2023 жылғы қаңтарда ең жоғары балл көрсеткен мектептер, мектептер бөлінісінде қатысу пайызы, «Алтын белгіге» және Үздік аттестатқа үміткерлердің нәтижелері айтылды. Сондай-ақ қосымша баяндамашыларға сөз берілді: Бәйтерек ОМ директоры Шаймерденов Ш.Н. және Бугровое ОМ директоры Рамазанов Ж.Т.

Әдіскер А.Н.Құсайынова өз сөзінде басшылардың назарын қорқытудың (буллингтың) алдын алу ережелеріне аударды, педагогтардың қадамдық іс-қимыл жоспарын айтып өтті.

 

Жұмыс қорытындысы бойынша басшылар жұмысқа ұсыныстар алды.

 

28.02.2023
Қараулар: 375
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет