«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

Қызылжар ауданында «Мектепке жол»республикалық акциясы жыл сайын өткізіледі.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Ауданның білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылған. Сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасады.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер Қызылжар ауданының білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

03.08.2021
Қараулар: 760
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет