«Туған елің — Қазақстанды білесің бе»? атты республикалық балалар оқулары байқауының I — аудандық кезеңі

«Рухани жангыру» бағдарламасының аясында, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай, 2021 жылғы 02 қараша күні Қызылжар ауданындағы мектептер бойынша 5-7 сынып оқушылары арасында ZOOM онлайн түрінде «Туған елің — Қазақстанды білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының I — аудандық кезеңі өткізілді.

Байқаудың ұйымдастырушысы «Рухани жангыру» қазақстандық қоғамдық даму институты. Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Қазылар алқасының құрамы — аудандық білім бөлімінің өкілдері болды.

Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлермен тәрбиелеу. Аудан бойынша I — турға әр мектептен 5-7 сынып оқушылары қатысты.

Қорытынды бойынша дұрыс жауаптар үшін ең жоғары балл жинаған мықты команда жеңіске жетті. I — орынға Бескөл № 2 орта мектебі «Лидер» командасы ие болды, II — орынды Бескол мектеп-колледжі «БШК» командасы мен Парасат мектеп лицейінің «Жалын» командалары бөлісті, III — орынды Якорь орта мектебінің «Жігер» командасы мен Бәйтерек орта мектебінің «Қыран» командасы өзара бөлісті, дипломдармен марапатталды. Қатысқан оқушыларға дипломдар мен сертификаттар берілді. Бірінші орынды жеңіп алған Бескол № 2 орта мектебінің «Лидер» командасы облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!!!

02.11.2021
Қараулар: 1164
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет