Жаңа оқу жылына дайындық туралы

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды, аудан педагогтары оқушыларды қарсы алуға дайындықты күшейтті.

2021 жылғы 5 тамызда жаңа оқу жылына дайындықтың өзекті мәселелері бойынша АББ Кеңесінің отырысы өтті. Білім беру мекемелерінің басшылары нұсқаулық-әдістемелік хат жобасына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, «Мектепке жол»акциясын өткізу жөніндегі іс-шараларды талқылады. Қызылжар ауданының білім бөлімінің басшысы А.Әбдірахманов «Ashyg» жобасын енгізу, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Қызметкерлерді вакцинациялау мәселелері қозғалды.

Кеңес қорытындысы бойынша шешім қабылданып, хаттама көшірмесі білім беру ұйымдарына жіберілді.

06.08.2021
Қараулар: 619
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет