«Жарқыра, жайна жаңа жыл — тәуелсiз қазақ елiнде» атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан жаңа жылдық шырша

24 желтоқсанда онлайн-режимде көптен күткен жарқын оқиға — Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан "Жарқыра, жайна жаңа жыл — тәуелсiз қазақ елiнде"атты жаңа жылдық балалар шыршасы өттi.

Жаңа жылдық iс-шараға облыстың барлық аудандарынан мектеп, жетiм және аз қамтылған отбасыларға арналған мектеп-интернаттардан, оқуда және спортта дарынды 170-тен астам бала қатысты. Бұл балалардың iшiнде Қызылжар ауданының мектептерiнен 16 оқушы болды.

Балалар түрлi-түстi және қызықты костюмдерде жаңа жылдық құттықтаудың онлайн-көрсетiлiмiн тамашалады, оның барысында ертегi қойылымы көрсетiлдi.

Сондай-ақ балалар үшiн ең ұмытылмас сыйлық Президенттiң сыйы болды: велосипедтер, гироскутерлер, смартфондар, Қазақстанның киелi жерлерi туралы кiтаптар мен тәттi сыйлық!

Сонымен қатар, облыстық жаңа жылдық костюмдер байқауының қорытындысы шығарылды. Новокаменка орта мектебiнiң оқушысы Қалбай Жансая "Қазақ елi "монументi" костюмiн ұсынып, 3 орынды иелендi. Жансаяға сыйлық ретiнде құлаққап табыс етiлдi.

Президенттiк шырша Жаңа жыл қарсаңында балаларға ұмытылмас жарқын әсер сыйлады.

28 желтоқсанда аудан мектептерiнiң 150 оқушысы үшiн Қызылжар ауданы әкiмiнiң атынан онлайн-форматта жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық шыршаға қатысушылар аудан әкiмiнiң бейне құттықтауын, "Мерей" өнер мектебiнiң оқушылары мен педагогтарының өнерiн, сондай-ақ жаңа жылдық ертегiнi тамашалады. Барлық балалар жаңа жылдық тәттi сыйлықтар алды.

Жаңа 2022 жыл қарсаңында барлық оқушыларды, ата-аналарды және мектеп педагогтарын құттықтаймыз! Мықты денсаулық, алға қойылған мақсаттарға қол жетуiн, сондай-ақ шығармашылық табыс пен амандық тiлеймiз!!!

«Жарқыра, жайна жаңа жыл — тәуелсiз қазақ елiнде» атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан жаңа жылдық шырша «Жарқыра, жайна жаңа жыл — тәуелсiз қазақ елiнде» атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан жаңа жылдық шырша «Жарқыра, жайна жаңа жыл — тәуелсiз қазақ елiнде» атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан жаңа жылдық шырша

28.12.2021
Қараулар: 811
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет