«Шыршаның ертегілер еліне саяхаты» Қызылжар ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы

27 желтоқсан күнi «Қызылжар» ДСК көптен күткен Қызылжар ауданы әкiмiнiң Жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Ол «Шыршаның ертегiлер елiне саяхаты» деп аталды. Шараға жүзден артық тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан және жетiм балалар қатысты.

Балаларға ең алдымен Астана театрландырылған көрiнiсi қойылып, содан кейiн Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жүрекжарды видео құттықтауы ұсынылды.

Әрмен қарай мерекенi Қызылжар ауданының әкiмi Болат Жұмабеков ақ тiлегiмен жалғастырды. Ол оқушыларға жаңа жылда жаңа бақыт, жақсы баға, мол денсаулық және барлық арман-тiлектерiнiң орындалуын тiледi. Өз кезегiнде Пеньково және Пресновка ОМ-нiң оқушылары Болат Серiкұлына осындай тамаша мереке үшiн бапрша балалардың атынан алғыстарын жеткiздi.

Салтанатты шарадан кейiн мәдениет үйiнiң әртiстерi дайындап әкелген ертегi қойылымы балаларды ертегiлер елiне жетеледi. Маскарадқа барлық бала өздерiнiң сүйiктi ертегi кейiпкерлерiнiң кастюмдерiн киiп келдi.

Қызылжар ауданы әкiмiнiң Жаңа жылдық шыршасы жиналған барлық балаларға естен кетпес қуанышты сезiм мен шаттық сыйлады.

«Шыршаның ертегілер еліне саяхаты» Қызылжар ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы «Шыршаның ертегілер еліне саяхаты» Қызылжар ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы «Шыршаның ертегілер еліне саяхаты» Қызылжар ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы
29.12.2017
Қараулар: 1415
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет