Халықаралық әйелдер күнi

2020 жылдың 5 наурызында «Қызылжар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетi» КММ «Қызылжар жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-мен бiрлесiп Халықаралық әйелдер күнiне арналған ертеңгiлiк өткiздi. Балалар ата-аналарымен бiрге мерекеге жақсы көңiл-күймен келдi. Мерекеге балаларға «Қазына» мультфильмiнiң танымал кейiпкерi — Дюдюка келдi. Балалар өздерiнiң өлеңдерiмен, билерiмен, әндерiмен аналар мен әжелерге көп жақсы сөздер, нәзiктiк пен көңiл-күй сыйлады. Ата-аналар мен әжелер байқауларға қатысып, олар өз балаларын басқа балалар арасында тауып алды. Ертеңгiлiктiң соңында шай iшу өткiзiлдi, барлық балалар сыйлықтар алды. Барлық қонақтар риза болды.

06.03.2020
Қараулар: 1222
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет