Ауданның әдістемелік кеңесі

2021 жылдың 30 желтоқсанында онлайн форматта келесі тақырып бойынша аудандық әдістемелік кеңес өтті:

«Бірінші тоқсанның қорытындысына сүйене отырып, білім беру процесін жетілдіру бойынша педагогикалық ұжым қызметінің нәтижелері». Келесі мәселелер қаралды:

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық турын ұйымдастыру және өткізу. (Жунуспаева Асемгуль Маратовна АӘК әдіскері)
  2. «Білім беру процесін жетілдіру арқылы щқу сапасын арттыру» (Сердалина Бакытгуль Балтабековна «№2 Бескөл ОМ» КММ директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары)
  3. «Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары» («Надежка НМ» КММ директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары Асташова Людмила Владимировна)
  4. «Оқушылардың білім сапасының төмен болу себептері және оларды еңсеру жолдары» (Конищева Надежда Александровна «Белое ОМ» КММ директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары)
  5. «Білім беру сапасы және оны қазіргі жағдайда арттыру мүмкіндіктері» (Стукало Татьяна Петровна «Вознесенка НМ» КММ директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары)
  6. «Оқушылар біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша педагогтердің қызметін талдау» (Елеусизова Жанар Манатқызы «Озерное ОМ» КММ директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары).
  7. 2021-2022 оқу жылының 1-ші жартыжылдығындағы конкурстар мен олимпиадаларға қатысу мониторингі.

(Туребекова Менсұлу Манапқызы әдістемелік кабинетінің менгерушесі).

Оқытуға сараланған тәсіл, ата-аналармен өзара іс-қимыл, жас педагогтардың скаффолдингі арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелері бойынша егжей-тегжейлі әңгіме болды. Спикерлердің сөз сөйлеуінің қорытындысы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығы, әрбір білім алушыға жетістік жағдайын жасау бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

30.12.2021
Қараулар: 795
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет