АРАМЫЗДА ҮЗДІКТЕР

Жыл сайынғы «Орта білім беретін үздік ұйым»сайысының аудандық кезеңі аяқталды. Бұл байқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді.

Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурсқа қатысушыларды іріктеуді білім беру мекемесі дамуының негізгі көрсеткіштерін көрсететін 11 критерий бойынша конкурстық комиссия жүзеге асырады:

Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия облыстық деңгейдегі конкурстық комиссияның қарауына материалдарды, сондай-ақ аудандық деңгейдегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні үздік ұйымның атауын көрсете отырып жібереді.

Конкурс комиссиясы мүшелерінің бір ауыздан қабылданған шешімімен «Парасат»мектеп-лицейі» КММ орта білім берудің үздік ұйымы болып танылды.

Қымбатты Біздің әріптестеріміз-парасатшылар, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге облыстық кезеңде Қызылжар ауданының намысын қорғау мәртебесі бұйырды. Біз сізге және сіздің жеңісіңізге толық сенеміз!

04.05.2022
Қараулар: 102
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет